Шымкент

Қысқа қайырғанда…

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдері кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойды.

Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ххх

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте  жолақыны тегін ету мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдады. Бұл жоба 1 мамырдан бастап жүзеге асады.

ххх

 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында шымкенттік спортшылар Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет екті. Абай ауданының әкімдігі мен тұрғындары ішкі орамдық көшелер мен магистральді көшелерді тазалап, 13 тонна қоқыс шығарды.

Ал Дін істері басқармасы және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен  тұрғындар аудан аумағындағы мазарат маңын қоқыстан тазартып, 300 көшет екті.

Қаратау аудан халқы да акциядан шет қалмады. 30 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы шөпті орып, бұталарды қырықты.  

Әл-Фараби ауданында ақсақалдардан бастап жас еріктілерге дейін жалпы саны 2000-нан астам адам сенбілікке қатысты.

ххх

Шымкентке келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков министрге қызанақ өсіруге арналған жаңа форматтағы ең ірі жылыжай кешенінің жобасын да таныстырды. Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің “Alarko Holding” компаниясы жүзеге асырады. Жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумақты қамтиды. Нәтижесінде 2000 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ххх

2015 жылдан бері «3-Энергоорталық» АҚ қазандығынан ыстық су ала алмай отырған 238  үй тұрғындарының мәселесін шешу қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың бақылауында. Жақын арада «Теріскей», «Сайрам», «Күншығыс», «Отырар» және 18- шағынаудандарында тұратын 178 үйдің тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *