Біле жүріңіз

Еуропалық иммундау апталығы өтуде


Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында Иммундау аптасы өткізіледі.
Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық сақтау аумағында басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендетуге болады.
Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.
2024 жылы сәуірдің 21-і мен 27-сі аралығында «Вакцинация: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Иммундау апталығының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты хабардар ету.
Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін егу алмаған әр түрлі топтағы тұлғаларға ерекше назар аударылады.
Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.
Жекелеген тұлғалардың, ең алдымен, ата-аналардың егу жөніндегі білімін көтеру өз балаларының егілуіне саналы түрде қарап, олардың уақтылы егілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында вакцинация жасау тегін және қолжетімді!
Құрметті ата-аналар! Балалардың болашағына бей-жай қарамай, екпе алуына аса назар аударған жөн!
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қаласының СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *