Оқшау ой

ОРАМАЛ ЖАЙЛЫ ОЙ АЙТСАМ…

Дала мәдениетінің мәйегі_- ұлттық киім. Ер мен әйелді, ер жеткен ұл мен бойжеткен қызды киген киіміне қарап-ақ ажырата білген қайран қазақ. Сол киімнің қасиеттісі – орамал. Қазіргі қоғамда орамалдың аты «орану» болып өзгерді. Біздің айтпағымыз басқа. Ақ босаға аттап бөтен елге келін болып барғаннан кейін қыз баланың өмір сүру тәртібі өзгереді.

— Шашыңды жауып, басыңнан орамал тастама, үлкендерге иіліп сәлем салуды үзбе. Ол ер азамат күйеуің мен ұрпағыңның тілеуі, — дейтін әжелеріміз.

Күйеуінің амандығын ойлайтын әйел өзі де орамалсыз жүрмес. Үлкенге иіліп сәлем салған сайын, батасын алып жақынын таниды, ол бата баласына дариды. Дала дәстүрінің тәрбиелік мәні де, Ислам дінінің діңгегіне нәр берер дәні де, осы ұстаным емес пе? Қазақы болмысымыздан алыс кетпей, ата дәстүрімізді болашаққа саф алтындай сақталған күйінде жеткізе білсек дамудың дархан жолы жарқырайды емес пе?

Ері мен елінің тілеуін тілеген әрбір АНА ақ орамалын арындай таза ұстап кір шалдырмас.

Ақмарал Леубаева,

Салт-дәстүр орталығының аға ғылыми қызметкері,

ақын, композитор, Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *