Uncategorized

Өрт қауіпсіздігі бақылауда

 

Төтенше жағдайды болдырмау жолында сала мамандары ерекше жұмыстар атқаруда. Соның бірі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлық құрамы «Жасыл-белдеу» КММ және «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау ММ» КММ-нің орман шаруашылығы мамандары мен «Қазавтожол «ҰК» АҚ-нің өкілдері біріге отырып, үш бағытта минералдандырылған жолақтарды тексеріп жүр. Рейдтік шараның мақсаты өрт шығу қаупі бар қазіргідей кезеңде минералдандырылған жолақтарды орнату бойынша жұмыстардың қаншалықты жүргізілгенін бақылауда ұстау.

Шымкент қаласы бойынша жоспарға сәйкес биыл ұзындығы 1100 шақырымнан асатын минералданған жолақтар орнату жоспарланған. Оның алғашқы кезеңі сәуір-мамыр айлары аралығында толықтай жүзеге асуы тиіс болатын. Жолдың периметрі бойымен ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақты белгілеу қағидаларының сақталуы мамандардың бақылауында. Минералдандырылған жолақтарды орнату бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасын тексеру үшін қолға алынған бұл рейдтік шара нәтижесіз емес. Минералдандырылған жолақтардың жай-күйін қарау және құрғақ шөп пен бұталардың өсуінен іс-шаралар жүргізілгені бойынша тексеру жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

Мамандар 3 бағыт бойынша пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен қарап көру нәтижесінде «Жасыл-белдеу» КММ-нің «976 учаскесінде», «Комсомол көлінде» және Ажар шағын ауданында орман алқаптарын қарап көру жұмыстарын жүргізді. «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау ММ» КММ-ге ведомстволық бағынысты Қайнарбұлақ пен Ақтас шағын ауданындағы аумақтарды тексерді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бақылауындағы республикалық маңызы бар жолды тексеру барысында Ташкент және Алматы трассаларының бойында орналасқан минералдандырылған жолақтардың сапасына тексеру жүргізді. Нәтиже жаман емес. Бірқатар кемшіліктер дер кезінде мамандарға айтылып, қалпына келтіру, түзету жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *