Құқық

4 млн теңге «штарфты» төлемей құтыламын деген бе?

        Көп асқанға…

Ордабасы ауданында жол жүру ережесін мойындамай, талай рет тәртіп бұзған жүргізушінің айыппұлы жиналып, 4 миллион теңгеге жеткен. Polisia.kz порталы хабарлағандай, оны патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында анықтаған. Осылайша Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Темірландағы көшелердің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің 4 миллион теңгеден аса сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталады. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірген.

Осыншама айыппұлмен осы күнге дейін ол қалай емін-еркін жүре берген десеңізші?! Ауыл арасында жүріп тұрған шығар, бәлкім. Енді ірі көлемдегі айыппұлды жаңа жылға дейін төлеп бітсе тәуір, төлемесе келесі жылдың еншісінде тағы да «қарыз, айыппұлы бар адам» санатында жүретін түрі бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *