Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.
Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. Сол себепті сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана газет беттерінен оқып, уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім қабылдап, дамыған отыз елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел атануды алға мақсат етіп қойып, сол үшін аянбай еңбек етейік!
А. Бабаш,
Еңбекші аудандық ТЖБ аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны