Мәдениет және өнер

КЕЛЕС ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің «Келес» халықтық театр ұжымы республикалық байқау аясында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдаған «Абай» спектаклін жоғары деңгейде сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Театр жетекшісі Жанкелді Мырзалиев республикалық моно спектакльдер фестиваль-байқауында «Үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері атанды.

Ауқымды мәдени шара жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды. Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «әл-Фараби» атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.

Ержан Әшімов,

Келес ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *