Біле жүріңіз

Екпе алудың маңызы зор

Әр ата-ананың алдында таңдау болады: өз перзентіне екпе (вакцинация) жасату керек пе, әлде жоқ па деген, сондықтан біз вакцинацияның не үшін қажет екенін білуіміз керек.

         Вакцинация — қауіпті инфекциялардан қорғаудың ғасырлар бойы дәлелденген әдісі. Алғаш рет шешек ауруын жоюға қарсы вакцинация 1796 жылы жүргізілді, оны ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер ойлап тапты және 2 ғасырға жуық уақыттан кейін 1979 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шешек ауруының жойылғандығы туралы ақпарат жариялады.

         Инфекциялармен күресуде тек екпелік алдын алу ғана көмектесе алады, екпелік алдын алудың арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасып, қауіпті инфекциялар көпшілікке зиянын келтірмейді.

         Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы әлемде қызылша ауруы кеңінен таралып, Қазақстанда 13 мыңнан астам адам жұқтырған болатын, оның ішінде 9409 науқас бала, бұл 70% — дан астам.

         Орташа алғанда, қызылшамен ауыратын әрбір бесінші адам менингит, энцефалит, пневмония және т. б. түрінде асқынуларға ұшырауы мүмкін.

Демек, вакцинация – бұл ағзаның қауіпті инфекциямен бетпе-бет кездесіп қалмас бұрын оның «түр-сипатымен» таныстырудың қарапайым және тиімді амалы. Бұндай әдіс инфекцияны жұқтырып алудан және түрлі асқынуларға қарсы иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.

         Әрбір ата-ана нені білуі тиіс?

         21 инфекцияға қарсы Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халықты вакцинациялау тегін жүргізіледі. Халықты иммундау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен вакциналар қолданылады. Әрбір вакцина қауіпсіздік пен тиімділік бойынша егжей-тегжейлі талдаудан өтеді, қосалқы заттардың, тұрақтылықтың, ерекшеліктің, сезімталдықтың бағасы беріледі. Балаларды кепілді сапалы вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады.

         Вакцинация мерзімі кездейсоқ таңдалмаған, мысалы: туберкулезден және «В» гепатитінен жаңа туылған нәрестелер қорғалмаған, сондықтан жаңа туған нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінде туберкулезге және В гепатитіне қарсы егулер жүргізіледі. Аналық антиденелер баланың денесінде қысқа уақыт ішінде беріледі және сақталады: қызылшаға қарсы 6 айға дейін, сондықтан бала бір жасына дейін егіледі, дифтерияға қарсы 2-3 ай, балалар 2-3 айда егіледі.

         Қазіргі уақытта Қазақстан аралас вакцинаға көшті, яғни препараттың бір дозасында бірнеше антиген бар. Аралас вакциналар бір уақытта бірнеше инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптастыра отырып, инъекциялар санын азайтуға және жалпы егу реакцияларының жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.

         Егу алдында медицина қызметкері екпе алушыны тексеріп-қарайды, екпелер туралы, ықтимал жанама әсерлер туралы объективті ақпарат береді. Екпе жасатудың шарты ретінде келісім немесе бас тарту болып табылады.

Екпе алу тек өз денсаулығы үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамның денсаулығы үшін де жасалады.

         Уақыт маңызды, сондықтан екпені уақтылы жасаңыз, мүмкіндігінше 

тезірек өткізіп алған дозаларды алыңыз.Әрбір доза сізді және жақын адамдарыңызды қорғау үшін маңызды.

         Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!


Л.Туртаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының СЭББ

басшысының орынбасары                                                           

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *