2023 жыл басынан қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы жиі тіркелуі байқалуда.Қызылша -жұқпалы ауру. Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі- науқас. Қызылшамен ауырғандарда иммунитет өмір бойы қалыптасады.
Клиникалық белгілері:
-алғашқы күндері әлсіздік;
— дене қызуының көтерілуі;
— бас ауруы;
— мұрны бітуі;
— жөтел;
— 3-4 күннен кейін бетінде, мойнында бөртпелер пайда болып, денесіне тарайды.
Қызылша науқасы дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, ем алуы қажет.
Ауру жұқтырған науқастарға төсекте жату, сұйықтықты көп ішуге кеңес беріледі, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тағайындалады.
Қызылша ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары:
-үй-жайларды желдету;
— науқаспен қарым-қатынаста болғандарды және қызылшаға қарсы егулерін анықтау;
— егулері белгісіз немесе толық емес;
— қызылшамен ауырмаған;
медициналық қарсы көрсетілімдері болмаған;
— 30 жасқа дейінгі тұрғындарға 72 сағат ішінде ККП вакцинасымен егу ұйымдастыру;
— 21 күн медициналық бақылау жүргізу.
Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі- екпе алу болып саналады.
Қызылшаға қарсы вакцинация балаларға 1 жасында және 6 жасында жүргізіледі.
Халықты қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы иммундау үшін құрамдастырылған вакцина (ҚҚП) және қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы моновакциналар пайдаланылады.
Құрметті тұрғындар қызылшаға қарсы екпе алып, аурушаңдықтың алдын алайық!
А.Мусаева, Шымкент қаласы Тұран ауданы СЭББ бөлім басшысы.