жаңасына алмастырылуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгілеген-ді. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды.
Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласының тұрғын үйлерін жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде қалада тозығы жеткен 134 тұрғын үй бар. Сүрілмес бұрын тұрғындардың толық келісімін алу керек. Жақында қала басшысы Shymkent City шағын ауданында аталған бағдарлама шеңберінде салынған үйлерден тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. Айналма өткеліндегі тұрғын үйлердің бірі сүрілуге жататын нысандар тізіміне енгізілген. Бұл ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған және заманауи қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай үйлер тұрғындардың өміріне ғана емес, айналадағы инфрақұрылымға да қауіпті саналады.
Бағдарлама шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғысынан орташа есеппен 20 м² үлкен. Тұрғындар есептегіштерге қосымша ақы төлемейді. Тұрғын үй заманауи талапқа сай әрленген. «Бағдарламаны іске асыру азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаланың сәулеттік келбетін жасауға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді» дейді мамандар.