Неліктен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тез әзірленді?
Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру және адамдың жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.
Н.Ф. Гамалея атындағы ЭжМҒЗО-ның «Спутник V» вакцинасына келетін болсақ, ол алдыңғы әзірлемелерге сүйене отырып жасалды. Орталық пандемияға дейін SARS-CoV-2 коронавирусы да жатқызылған РНҚ бар қабықты вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.
Қазақстанда вакцинация міндетті әрі мәжбүрлі ме?
Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.
Вакцинаның жанама әсерлері бар ма?
Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу және сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның организмі кез-келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.
Адамда коронавирустық вакцинаға аллергиялық реакцияның болуы мүмкін бе?
Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әр-түрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Вакцина алған адамдар медицина мамандары тарапынан бақыланады ма ?
Вакцина алған барлық адамдар алғашқы 30 минут бойы медициналық мекеменің қабырғасында, дәрігердің бақылауында болады. Ордан әрі 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.
Pfizer-BioNTech вакцинасы
туралы
«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы
шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік
тіркелген. Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін өндірісі ДДҰ-ның біліктілігін алған
вакциналар сатып алынады, яғни елімізде осы ұйымның сапа мен тиімділікке
қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.
«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген. ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейін және одан үлкен жасқа кеңеюіне алып келді.
Ревакцинация туралы
КВИ-ға
қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша
дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте: векторлық (Спутник) вакциналармен
вакцинацияланған адамдар – 9 айдан кейін ревакцинация белсенділігі жойылған
(Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНК- вакцинасымен
(Pfizer); (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) белсенділігі жойылған
вакцина алған тұлғалар – векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer)
6 айдан кейін;
м-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинасын алған тұлғалар — 6 айдан кейін
белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе
векторлық (Спутник) вакцинасын; вакцинацияның толық курсын алып, кейін КВИ-мен
ауырып қалған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан кейін ала алады.
Осылайша, ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинацияға арналған контингент: тәуекел топтары (медициналық қызметкерлер, педагогтар, МӘМ және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар. Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы пайдаланылатын болады.
А.К.Исабекова,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының СЭББ-ның басшысы.