Uncategorized

Жанат Мұсатаева – «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері»

 

Облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен Астанада кеңейтілген отырыс өтті. Сол жиында министр білім саласының бірқатар қызметкерлерін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Олардың қатарында әріптесіміз, бүгінде Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып отырған Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы бар.

36 жыл педагогика саласына аянбай еңбек етіп келген Жанат Тұяқбайқызы Шардара ауданында білім беру жүйесін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс істеп, нәтижесінде көрсеткіш төмендеді. Жанат Тұяқбайқызы – ұжым ішінде оның барлық мүшелеріне шығармашылық орта құра білетін, игілікті қарым-қатынас, жағымды психологиялық ортаны құрып, әрбір қызметкердің жұмысын дұрыс бағалай білетін заманауи басшы.

Айта кету керек, жиында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекет педагогтерге қолдауды жүйелі түрде арттырып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң – мұғалімге ұлттың стратегиялық ресурсы ретінде қарайтын жаңа көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Педагогтерді аттестациялау тәсілі қайта қаралып, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, қызметіне жатпайтын міндеттерден босату, сондай-ақ оқушыларға тәрбие мен білім беруде жетістікке жеткен үздік ұстаздарды ынталандыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Ж. Сіргелі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *