Әлеумет

Листериоздан сақтанайық!


         Листериоз — жануарларда орталық жүйке жүйесі мен жыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, доңыз, жылқы, үй қояны, тауық, қаз, үйрек, күркетауық, т.б. жануарларының төлдері мен буаз аналықтары өте бейім. Ауру қоздырушы ауырған мал мен кеміргіштер арқылы тарайды.

         Қоздырушы сүтте, сүрлемде сақталып қана қоймай, өсіп-өнеді.

         Аурудың сыртқы белгілері: ағзаға азықпен, сумен енген листерийлер орталық жүйке жүйесі қызметін бұзып, ауырған малдың жүрісінде ауытқулар (теңселіп немесе айналып жүру, мойны қисаю) дамиды. Көздің кілегей қабығы зақымдануынан конъюнктивит дамып, ауыз қуысының кілегей қабығы өліеттенеді. Буаз аналықтарда іш тастау, шуы түспеу және желінсау түрінде байқалып, ауру әдетте сауығумен аяқталады. Төлдерде негізінен іш өту, дене температурасының көтерілуі, кейде еліру (торайда) белгілерімен өтеді. Құс листериозында (тауық және оның балапандарында) конъюнктивит, тыныстану жиілеу, әлсіздену, дене қалшылдауы және салдануы әдетте құстың өлімімен аяқталады.

         Алдын алу шаралары: шаруашылық немесе жекеменшік мал арасында ауруды болдырмау мақсатында, ең алдымен ұдайы жем-шөптің, әсіресе сүрлемнің сапасын тексеру, мал қораларын залалсыздандыру, кеміргіштерді үнемі дератизациялау арқылы жою шаралары қамтылады. А, АУФ штамды вакциналар қолданылады. Ауру пайда болған ошақта тұрған орындарын күйдіргіш натрий, ксилонафт, хлорды әктің 3%-дық ерітіндісі қолдана залалсыздандыру қарастырылады.

Л.Туртаева,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *