Әлеумет

МҰҚТАЖ ЖАНҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

   Төлеби ауданы Зертас ауылында тұратын жалғызбасты ана Ақмарал Тұрысбекова қаншама жылдан бері баспанаға мұқтаж болып келді. Ауылдық округ әкімінің бастамасымен жақында елді мекен халқы қаражат жинап, Ақмаралға арнап тұрғын үйдің іргетасын қалады. Еріктілер мен округ тұрғындарының қамқорлығымен үйдің қабырғасы әп-сәтте көтерілді. Тұрғын үйді аяқтау үшін қалған қажетті қаражатты Зертас елді мекенінің тумасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қанат Нышанов қосып, жеке қаражатына үйді толық аяқтап, жақында сол 5 бөлмелі баспананың кілтін иесіне табыстады.

Қуанышты жиынға орай жаңа баспанада құран оқылып, ауыл ақсақалдары Қанат Нышановқа батасын беріп, иығына шапан жапты.

Айта кету керек, ауданда тұрғын үй кезегінде 5392 азамат тұр. Баспанаға мұқтаж азаматтар тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларын айтып, пәтер бөлуге көмек сұрап, аудан әкімінің жеке қабылдауына, кездесулеріне жиі келеді. Аудан әкімі Төлеген Телғараев өтініш иелерінің мәселесіне жіті назар аударып, жүзеге асуын өз бақылауында ұстауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *