Әлеумет

ҚАЗАТАҒА ГАЗ БАРДЫ

 

 Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекеніне табиғи газ берілді. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді.

Қазата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын «Birlik Stroy1» ЖШС жүргізді. Газ құбырының ұзындығы – 10,335 шақырым. Енді 173 абонент «көгілдір отынның» рахатын көреді. Бұл бастама ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал етпек.

Биыл жыл соңына дейін Бәйдібек ауданы бойынша 37 елді мекен немесе 42 935 тұрғын (89 пайызы) табиғи газбен қамтылады. Бүгінде 9 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жоба әзірленген. Қошқар ата елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде.

Өскенбай Кәдірбаев,

Бәйдібек ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *