Мәселе

Шымкентте 2 жасар бала уксус ішіп қойды…

Шілденің 11-і күні ересектердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала байқаусызда сірке суын ішіп қойғаны туралы хабарлама келіп жетісімен жедел жәрдем қызметі балақайды Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген. «Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды» деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Бала өздігінен тамақ іше бастаған. Екі апта ауруханада жатқан науқас бала үйіне шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *