Отырарлықтардың халі мүшкіл. Біз сөз еткелі отырған 250-ден аса отбасы, 2700-дей тұрғыны бар Қарғалы ауылдық округінің орталығы саналатын – Отырар ауылы. Ауылда жұмыс жоқ. Тұрғындар егін егіп, мал бағып қана күн көреді. Бұл екі шаруашылықты дамыту үшін су керек. Су тапшылығынан ауылда егілген егіс қурап, еңбек еш кетуде. Тұрғындар мыңғырған мал былай тұрсын, торғай қанып ішетін судың болмай жатқанын жанайқай
етіп жеткізеді. Мəселеден аудан əкімінің де хабары бар. Сəкен Сұлтанханов мырза облыс басшылығынан көмек сұрап, нəтижесінде қосымша су жіберілетін болған еді. Алайда, кім кімді алдағаны белгісіз, анығы – уəде етілген ағын су əлі келмеген.
Сəл кейінге шегініс жасар болсақ, «Өзге пікір» газетінің
жуырдағы №28 санында «Отырарлықтардың наразылығына не түрткі?» деген мақала жария-
ланған болатын. Онда аталмыш ауылдағы ағын су мəселесін шешу үшін аудандық прокуратура мен əкімдіктен өкілдер қатысқан жиында барлығы бір келісімге келіп, хаттама толтырылғаны айтылған-ды. Тұрғындар уəдесінде тұрды, бірақ əкімдікке қарасты
бөлімдер мен мекемелердің айтқандары орындалмай қалыпты. Сол жиынға қатысқан Амантай Төрехан (суретте) былай дейді:
«Бақылау жоқ, басқару болмай
тұр, тəртіпсіздік орын алуда. Тіршілік нəрі біздің ауылға келемін дегенше жол-жөнекей əркім өз тұсынан құлақ ашып ала береді. Мұндай берекесіздік жағдайда
түптегі ауылдарға судың бармайтыны белгілі. Бізден төмен жақта ауданның бұрынғы əкімі мен оның туысқанының 400 гектар жері бар. Бірнеше насоспен суды солар сорып алып отыр. Заңсыз құлақ ашып алғандарға ауылшаруашылық бөлімі мен əкімдіктің адамдары барса, жолатпайтынға ұқсайды. Су тапшылығына байланысты алғашқы жиынның болғанына жарты айдан асты. Сол кездегі уəде орындалмаған соң кеше жиналып прокуратураға тағы бардық. Аудан əкімінің орынбасары
Е.Оралбай мен ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Б.Сыздық, «Ағын судың» өкілі Н.Диханбаевқа мəселені төтесінен қойдық. Б.Сыздық бастапқы жиында Қараспаннан бір, Бадамнан келетін судан екі текше метр қостық деген болатын. Бүгін оны тағы қысқартып тастағаны белгілі болды. Шөлдеген мал Қарғалы ауылына
қарай шұбыруда. Ал егіс қурап жатыр. Құлақтың басынан бірнеше насоспен су алып отырған ағайындыларға аудандағылардың сөзі өтпейді. Мен қоғамдық кеңестің мүшесімін. Бізге «Ағын судың» бастығы Хамитбек Елекеев жуырда: «68 насос қосамыз. Бəрі жөндеуден өтті. 2 жаңа насос алдырдық. Су жеткілікті болады», – деп есеп беріп, уəде еткен. Сол уəде қайда? Аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Мұстафаев: «Мен келісім шартпен таныстым. 864 шаруамен «су береміз» деп келісім шартқа отырыпсыңдар, шамаларың келмесе су жеткізіп бере алмаймыз деп айтпайсыңдар ма?» – деп ескерту жасады. Ал аудан əкімінің облысқа барып, мəселені шешті дегені жалған секілді. «Ағын су» мекемесінің өз міндетін атқара алмай отырғаны туралы талай жаздық. Нəтиже жоқ. Жағдай осылай жалғаса берсе сусыз қалған Отырар ауылын көшіру керек болады. Малға су таппаймыз, ағаштар да қурап жатыр. Негізінде ауылға су жеткізуге болады, бірақ, соны реттеп беретін адам жоқ». Тіршілік нəрі бармайтын жерде тіршіліктің де тоқтайтыны түсінікті. Егер шенеуніктер шынымен де ауылға су жеткізіп бере алмаса, онда 2700 тұрғыны бар Отырар-ды болашағы жоқ ауыл санатына қосып, халқын өзге жаққа көшіру керек. Қазіргі таңда ауылдағы 3 мың гектар суармалы жердің үштен бірі ғана игеріліп отыр екен. Басқа жерлер шаңы шығып бос жатыр. Ал Президент бос жерлерді игеруді əр Жолдау сайын тапсырады. Сонда бұл Отырарда Мемлекет басшысының тапсырмасы
орындалмай отыр деген сөз ба?
Н.БЕКМҰРАТОВА.