Естеріңізде болса «Хабар» телеарнасының төлтуындысы
болған, талай көрерменнің көзайым «Ұят болмасын» бағдарламасын ел әлі де
ұмытпайды. Продюссері, белгілі тележурналист Серік Аббас-шахтың жақында ғана
мерейтойлық туған күніне орай да ел дәл осы бағдарламаны тілге тиек етіп,
сағынышпен еске алып жатты.
Телеөнімдерді сараптаушы мамандардың айтуынша көрерменді көп жинаған «Ұят болмасын» бағдарламасынан кейінгі дүние «Келінжан» телесериалы болғанға ұқсайды. Тәрбелік мәні бар, шынайы өмірді айшықтай алған телесериалдың жалғасы іспеттес, әрі көерермен әлі де сағынышпен айтатын «Ұят болмасын» бағдарламасын жаңғырта отырып, «Хабар» арнасы «Келінжаннан ұят болмасын!» мюзиклін түсіруде.
Көктемнің шуақты мерекесі Ұлыстың Ұлы күніне орай бұл туынды телеарнадан көрсетіліп, көрерменге көрсетілмек. Ең қызығы мюзикл Түркістанда түсірілген. «Ерекше коллаборация» деп бағаланған туынды көрерменнің көңілінен шығары даусыз» дегенді айтады авторлары.
Себебі онда баяғы «Ұят болмасындағы» кейіпкерлерді сомдаған Бекжан Тұрыс, Мағжан Тұрыс, Жалғас Толғанбай, Айгүл Иманбаева сынды танымал әртістер ойнайды. Сондай-ақ жоғарыда айтып өткендей «Келінжандағы» кейіпкерлерді ойнаған әртістер Назар Шархан, Нұргүл Мыңғатова да бұл жолы жаңа қырынан көрінбек.
Сондай-ақ Жанатбек Байтеков, Мөлдір Мұқанова және тағы басқа танымал өнер адамдары бар. Мысалы, бұл мюзиклда көрермен Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова, Секен Тұрысбек, Әлішер Кәрімов, Саят Медеуов, Ақтоты Болышова, Құрмаш Махан, Нұрлан Еспанов, Еркін Нұржанов, Ұланғасыр Қамиев, Ұлан Мықтыбек, Мұхтар Ниязов, Бейбіт Ыстыбаев, Бақтыбай Шырынқұлов, Дәулет Айтан, Темірхан Айтбаев сынды өнер, спорт тарландарын да көретін болады.
Түсірілімі Түркістанда болған жобада ұлттық мәдениеттің барлық аспектілері, соның ішінде ән, би, айтыс, спорттық жарыстар мен әдет-ғұрыптары қамтылады» дейді мюзклды жасаушылар.
Айтпақшы, бұл жоба 22 наурыз күні сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.