Басты жаңалықтар

Қарабұлақ қала мәртебесін алады

Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға арналаған (бұдан әрі қарай –Ашық НҚА) порталында қыркүйектің 12-сі күні осындай  мәлемет жарияланды. Яғни, 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгеріс енгізу жобасы әзірленген.

Жобада әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізілетіні айтылған. Бұл талапқа сай келмейтін қазіргі таңда елімізде 3 қала бар екен. Олар:

Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам;

Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам;

Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың.

Есесіне, кейбір халқы көп ауылдардың мәртебесі өседі. Ендігі жерде олар қала атанады. Мұндай талапқа еліміз бойынша 17 ауылс ай келіп тұр. Олардың ең ірісі ретінде мына ауылдар есепке алынып отыр.

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам;

Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам;

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар.

Талқылануға ұсынылып отырған құжат Ашық НҚА порталында тұр. Ол бойынша 26 қыркүйекке дейін пікір айтуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *