Әлеумет Басты жаңалықтар

Шымкентте Ақжүректер көбейді

  

Иә, Шымкентте Ақжүрек, Балмейір, Мұрагер есімді балалар саны көбейді. Жаңа туған ұлына ата-аналар арасында дәл осы есімдерді таңдайтындар қатары артқан. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының мамандары айтып отыр.

Ал қыздарына Адия-Бегім, Медина және Сафина деп ат қоятындар алғашқы үштікті құрады.

Биыл жыл басынан бері Шымкент қаласында 3 мыңнан астам ата-ана баласына туу туралы куәлікті онлайн форматта рәсімдеген. Бұл онлайн форматты меңгерген азаматтардың саны күннен күнге артып отырғанын көрсетеді. Десе де ХҚКО-на барып, сондағы мамандар арқылы құжат рәсімдеушілер де жоқ емес. Осы әдіспен жыл басынан бері 958 азаматтан өтінім қабылданған.

– Онлайн қызметтердің енгізілуі туу туралы куәлікті алу процесін едәуір жеңілдетті. Бүгінде ата-аналар құжатқа өтінішті проактивті түрде, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да бере алады. Сонымен қатар, қызметті дәстүрлі тәсілмен – ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі де сақталған. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, – деді АХАТ басқарма басшысы Ақбота Қарнақбаева.

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының мәліметінше, 2024 жылы ХҚКО арқылы 10 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген, ал 36 мыңнан астам құжат онлайн форматта рәсімделген.

Айтпақшы, Шымкентте туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстауға арналған «Салтанат залы» жұмыс істейді. Мұнда АХАТ қызметкерлерінің қатысуымен баланың алғашқы құжатын мерекелік жағдайда тапсыру рәсімдері өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *