Басты жаңалықтар Білім, ғылым

Шаян атауы не үшін қойылған?

Таным

 

Архивтегі ескі құжаттарды ақтарып отырып талай танымдық ақпаратқа қанық боласың. Соның бірі мынау.

1928 жылы Совет өкіметі орнағаннан кейін Шаян болысының райцентрін қай жерден саламыз деп ойланып, ой пікірлерін жазыпты. Сонда екі елдімекенді таңдаған. Біріншісі — Шаян-мешіт ауылы. Бірақ «бұл жерде негізінен молда-ишандар тұрады» деп ұнатпапты. «Мешіттің өзін райисполком мекемелеріне айналдыруға болады. Бірақ мешіт құжыралары тар, жарық аз түседі» деп жақтырмапты. Тағы бір жақтырмаған себебі — ішетін, суғаратын су мәселесі қиын депті.

Екіншісі — Қазата ауылы. «Ол жерде 300 үй шамасында халық мекендейді. Су бар. Ағаштар мол. Егін мен шөп көп. Райцентрі осы Қазата ауылы болуы керек» деп шешкен. Бірақ…

Совет өкіметі сол 1920-1930 жылдары аса бай болмағандықтан, мәселе қаражат жетпеуге тіреледі. Сондықтан, амал жоқ, Шаян-мешіт ауылы аудан орталығы болып қала береді… Бұл жазбаларды біз Түркістан облысының мемлекеттік архивының 1056 қор, 1-тіз., 48-іс, 15-16 парақтарынан оқып білдік.

Енді Шаян атауына қатысты болжамдармен бөліссек. Негізі бұл атауға қатысты нұсқа болжам аз емес. Десе де,
1-нұсқа: Шайан-мәкан – Тұруға лайықты мекен.

2- нұсқа:  Шайх-ан – екі шейх.

3- нұсқа: Өзеннің шаяндары көп болған. Мал суғартпайды екен. Қосым Ишан келгенде бұл жердің атын дұрыс қоймағансыңдар, егер Шаян деп тура атасақ шаяндары жоғалады деп айтыпты. Дұға тілеп. Сосын өзеннің шаяндары жоғалады. Содан өзен Шаян аталып кеткен. Жер де өзеннің атымен аталған.

Негізі шаян сөзі түбі бір түркілерге ортақ ұғым. Мысалы, Украинада да Шаян деген жер бар. Карпат тауларында Шаян деген курортты қалашықты көпшілік жақсы біледі. Яғни көне түркілердің «шаян» сөзі – су жәндіктерінің атауы.

Нұржан Сәдірбекұлы, тарихшы-генеалог

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *