Мәселе

Шымкентте фитнес-клубта 5 жасар бала қайтыс болды

Кеше қаңтардың 29-ы күні Шымкентте  «KASIET» фитнес-клубында 5 жасар бала бассейінге батып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Жедел медициналық қызметтен хабарлама келіп түскен.  Онда 29 қаңтарда сағат 17.25-те  2018 жылы туған бала бассейнге батып кеткені туралы айтылған. Бассейін балаларға арналған.

Айта кету керек бұл фитнес-клуб қаланың Тұран ауданы, 8 шағынауданында, Үркімбаев көшесінде орналасқан. Балалар бассейнінің тереңдігі 1,2 м.ені 5 м. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Құрметті ата-аналар! Сақ болыңыз! Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде өзін дұрыс ұстауға үйретіңіз!» дейді Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *