Біле жүріңіз

Стоматологиялық көмекпен байланысты жұқпалы аурулар дегеніміз не?


Халыққа стоматологиялық көмек көрсету медициналық көмектің ең көп тараған түрі болып табылады. Бұл ретте стоматологтың қабылдауында жіті және созылмалы іріңді-септикалық аурулар, вирустық гепатит В немесе С, АИТВ жұқтырған науқастар да болуы мүмкін. Көп жағдайда емделушілер өздерінде бар түрлі жұқпалар туралы білмей, басқа пациенттер мен персонал арасында ауруханаішілік инфекциялардың таратушы көздері болып табылады. Сондықтан, барлық емделушілерді инфекциялардың әлеуетті көздері ретінде қарау керек. Стоматологиялық практикада медициналық көмекпен байланысты инфекциялар мәселесі аса өткір болып табылады. Бұл ауыз қуысындағы әртүрлі микроорганизмдер, тек қана ауыз қуысының резидентті микрофлорасы ғана емес, сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болуымен байланысты. Атап айтқанда, адам сілекейінде вирусты гепатит В және С, туберкулез, тұмау, герпес, саңырауқұлақ инфекциясы және сол сияқты аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін.

         Тіс дәрігеріне көріну кезінде тиімсіз емдеу, стоматологиялық кабинетте дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің сақталмауы, асептикалық ережелердің бұзылуы және басқа да факторларға байланысты асқыну жағдайларына әкеліп соғуы мүмкін, олардың жүзеге асырылуында жетекші рөл медициналық персоналға тиесілі. Стоматологиялық клиникада медицициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың профилактикасы санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық-стерилизациялық іс-шаралар кешені арқасында жүргізіледі.

         Стоматологиялық мекемелерді дезинфекциялау заттарымен қамтамасыз ету, бақылау және пайдалану, дезинфекциялық және стерилизациялық жабдықтарды пайдалану дәрежесі, пайдаланылатын дезинфекциялау заттары туралы медицина қызметкерлерінің білім деңгейлері, дезинфекциялау құралдарының ауыстырылып тұруы қажет. Стоматологиялық көмекке жүгінген кезде Сіз, өзіңізге көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасына, медициналық мекеме үй-жайының санитариялық жағдайына назар аударыңыз! Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Г.Д.Султанова,

Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармысының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *