Uncategorized

«КИЕЛІ МЕКЕНДЕР» ТАЗАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аймақтарда өз жалғасын тапты. Шымкенттіктер бұл апталықта қоршаған ортаның табиғаты мен киелі жерлердің тазалығына мән берді. Тарихы терең Шымқалада киелі орындар көп-ақ. Олардың айналасын күл-қоқыстан тазалап, туристердің келуіне жағдай туғызу үшін бұл апталықта белсенділік танытқандар аз болмады.  Жалпы, қала бойынша 5 ауданның коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері акция барысында жең түре жұмыс істеді.

Мысалы, Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі, Еңбекші ауданында орналасқан Т.Рысқұлов гүлзарлары  қоқыстан тазартылып, ағаштар әктеліп, кесене мен гүлзарлар жиналған қоқыстан тазаланды. Айналасындағы өскен шөптер орылып, абаттандырылды.

Әл-Фараби ауданы аймағында орналасқан Д.Қонаев және Ә.Молдағұлова ескерткіштерінің маңы, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені мен  Абай ауданына қарасты Темірші әулие кесенесі, сондай-ақ, Тұран ауданындағы Тілеу батыр ескерткішінің айналасы ретке келтірілді. Арықтар тазаланып, отыратын орындықтар сырланып, гүлдер егілді. Ескерткіштерден бөлек қала аумағында орналасқан саябақтар, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы да абаттандырылып, жиналған қоқыстар, сынған ағаштар шығарылып, айнала тазаланды.

 Жалпы, «Киелі мекен» апталығын патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауда, киелі  құндылықтарды  дәріптеуде, әсіресе жастарға өнеге болатындай маңызы жоғары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *