Құқық Мәселе

Шымкенттің аңдары шай ішіп, тосап жейді


Шымкент зообағындағы аң-құстың қандай тамақ жейтінің білесіз бе? Сіз ойлағандай «ауру малдың етін залалсыздандырып әкеп зообаққа өткізеді» немесе «арнайы есек бағады. Соның етін береді» деген пікірлер негізсіз.Ондағы жан-жануарлар сіз бен біз жеп көрмеген тансық ас ішеді екен.

Мемлекеттік сатып алу сайты арқылы Шымкент зообағы жылдың алғашқы 6 айында жануарларға деп 2 кг құрғақ шәй, 30 кг тосап (варенье) сатып алынғаны белгілі болды.  Сайттағы мәліметтерге қарап отырсақ, Шымкенттің аң-құсы көкөністі көп жейді екен. Оның ішінде алма, банан, құрма, киви, анар, апельсин сынды жеңсік ас жиі алынады екен. Зообақ жұмыртқаны 89 теңгеден сатып алғаны анықталып отыр. Тіпті кейде жұмыртқаның әр данасын 118 теңгеден де алып келген. Оны айтасыз, зообақтағы аң-құсқа адамдар үшін таңсыөқ ас  асшаяндарын да сатып алып отырған. Осылайша 650 мың теңгене 165 келі асшаяны сатып алыныпты. Шаян деген не бопты, мұнда 78 кг теңіз балығын (кальмар) 3 млн 86 тысяч тенге сатып алып аң-құсқа «беріп жатыр екен».

Бұл жайлы Atameken Business агенттігі жазды.

«Зообақтағы аңдарға еттің өзіне ғана 160 миллион теңге жұмсайды екен. Оның 100 миллионы ет тасымалдаушы компанияға аударылып та қойыпты» деп жазады аталмыш сайттың тілшісі М.Низовкина. Еттің бағасына қарайтын болсақ, шүйгін соғымға тапсырыс беретін сияқты. Себебі, сиыр етінің бір келісін зообақ 2800 теңгеден сатып алады екен. Ал қаладағы әлеуметтік дүкендерде сиыр етінің бағасы 2350 теңгеден екенін тұтынушылар жасырмайды.

Шымкенттегі балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік мекемелер еттің бағасын бұдан арзанға алатынын ескерсек, жан-жануарға алынып жатқан еттің қайда кетіп жатқанын зерттеу керек сияқты. Мысалы, қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау, қорғау орталығы сиыр етін 1875 теңгеден сатып алады екен. Баға айырмашылығын байқаған боларсыз?

–Адамдар үшін тамақ дайындалатын мекемелерде неге етті арзан бағада, әрі бірінші сұрыпты өнім сатып алынады да, ал Шымкент зообағы хайуанаттар үшін жоғары сұрыпты ет алады? Білгеніміздей, Алматы зообағы өздеріндегі аң-құс үшін екінші сұрыпты етке тапсырыс береді екен. Яғни, шымкенттегі зообақта сыбайласқан жемқорлық орын алып жатыр-ау деген күдігіміз бар, дейді ,- «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық қорының басшысы Айжан Кесебаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *