Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте соңғы күндері ауа райы аптапты ыстық болуда. Мұндай кезде кез-келген оқыс жағдай орын алуы таңқаларлық емес. Әсіресе, өрттің алдын алуда қауіпсіздік шараларын күшейтпесе болмайды. Бұл орайда мегаполис башылығы мәселеге мән бере назар аударуда. Содан да болар қалада газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді.

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтың тапсырмасымен «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» деп ататалын мекеме құрылды.

Мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуды бастап та кеткен.

Газбен жабдықтау туралы заңнамада газ жабдығының меншік иелері олардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті екені көрсетілген. Бұл мекеме Шымкент қаласы, Абай ауданы, М.Сарсенбаев көшесі, 84 «а» үйде орналасқан.

Жалпы, сала мамандары жарамсыз болып қалған газ жабдығын пайдалану аса қауіпті екенін ескертеді. Олар қала тұрғындарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақыра отырып, абай болуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *