Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Есепші бала Егізқұмда тұрады


Бұл ауыл Шардара ауданына қарайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы екі таңбалы саннан бастап 4,5 таңбалы сандарды бір-біріне ауызша лезде қосып, боладысын айтып жүрген кішкентай 4 жасар бала дәл осы ауылда тұрады екен. Аты-жөні Ислам Көпбай.

Егізқұмдықтар Исламның есепке жүйріктігін біраздан бері біледі. Соданда болса керек оны есепші бала атап кеткен. Калькулятор бала деп те ат берген. Ауылдас достары Исламды қызық үшін видеоға түсіріп, есеп шығартады. Онысы әлеуметтік желіде тез тарап, «бұл бала кім? Қайда тұрады?» деген сауалдар қаптаған.

Облыстық «Turkistan» телеарнасының тілшілері зерек баланы іздеп тапқан. Ислам — отбасындағы төрт перзенттің кенжесі екен. Әкесі Қанатбек Сайтмамбетовтың айтуынша баланың бойындағы есепке деген жүйріктік атасы Көпбайдан дарыған екен. Ол да кезінде ауылға танымал мықты матиматик болыпты. Анасы Гүлнар Отарбеваның айтуынша Исламның бойындағы бұл қабілетті былтыр, бала 3 жасқа толғанда аңғарыпты. Тілі де кеш шыққан. Сол үш жасында сөйлеп бастаған. Содан бері үйде әпкелері оқыған жаттауды лезде жаттап алып, олар шығарған есепті демде шығарып тастайтын Исламның есте сақтау қабілеті жоғары дейді.

Исламның өзінен үлкен бауырлары мектепте озат оқушы. Сәтін салса Ислам да олардан қалыспай үздіктер қатарынан көрінуді, болашақта мұғалім болуды армандайды екен. Әзірге ойын баласы. Десе де өзіндік мінезі бар дейді ата-анасы. «Бір нәрсе жақпай қалса бала бақшаға барудан бас тартады» дейді олар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *