Uncategorized

Тұмаудың алдын алыңыз

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – тұмау вирустарынан, түрлі респираторлық вирустар, оның ішінде парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшылары арқылы берілетін және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен қатар жүретін аурулардың жоғары жұқпалы арулар тобы.

Берілу жолдары
Инфекция ауа-тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, қарым-қатынас барысында жұғады; сондай-ақ жуылмаған қолдар арқылы беріледі.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Бүгінгі таңда тұмаудың зертханалық расталған жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, аденовирус, парагрипптар айналымда жүр.

​​Ағымдағы жылы «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін қолданыста Ресейде өндірілген «Гриппол+» үш валенттік вакцина.

Тұмаудың алдын алу мақсатында қалада «тәуекел тобындағы» адамдардың (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер) тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде.

Жеке меншіктегі медициналық орталықтарда өз есебінен егілгісі келген басқа тұрғындарға және әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушілер есебінен тұмауға қарсы екпе алуда.

Тұмауға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

Вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар асқынулар мен өлім-жітімді айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Спецификалық алдын алудан басқа, мамандар ЖРВИ мен тұмаудың спецификалық емес профилактикасының жалпы шараларын сақтауды ұсынады:

  • дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану;
  • жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет;
  • ауру болған жағдайда үйде болу керек, өзін-өзі емдемеу керек, медицина қызметкерін шақыру керек, түшкіру және жөтелу кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;
  • науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.

К.А.Адырбаева

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *