Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Тары бүйрекке ем

Артық болмас білгенің

Тары – бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі. Ол бүйректі тазартып, құмды, тастарды кетіреді. Әсіресе, әйелдердің түрлі сырқатына бірден бір ем екенін білесіз бе? Циститті де тарының көмегімен емдеуге болады екен. Халық емі бойынша қуықтағы тастардан арылуға септігі тиетін көрінеді. Тарыны емделу үшін үнемі пайдаланатындар бір-екі аптадан кейін-ақ ағзадағы тас құмға айналып, ол одан сайын еріп, несеппен бірге шығып, жоқ болғанын айтуда. Олай болса, тарыны емделу үшін қалай қолданамыз?

Ол үшін бір бокалдай тарыны жылы сумен жуып, шамада 3 литрлік ыдысқа (банкаға) саласыз. Оған қайнап тұрған ыстық су құясыз. Ыдыстың сыртын жылы орап қойыңыз. Бір күн тұрсын. Келесі күннен бастап қозғап, сұйықтықты кез келген мөлшерде және қалаған кезде су орнына ішіп жүріңіз. Суы таусылғанда, тарының үстіне қайтадан қайнаған су құйып, дәл солай тұндырып, пайдалануға болады. Жұмсарған тарыны күніне 1 ас қасықтан жесеңіз де артық болмас.

Тұнбаны дәмі өзгергенше ішуге болады. Таусылған соң тары суын жаңадан қайта әзірлеңіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *