Түркістан қаласында кешегі өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті түркі халықтарының ынтымағын, экономикалық байланысын нығайтып қана қоймай, қасиетті қалаға деген әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің қызығушылығын арттыруда. Оның дәлелі ретінде қалаға келуші туристер мен зиярат етушілер үшін демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындағанын айтуға болады. Туристік компаниялардың болжамынша, алдағы айларда келушілер саны одан әрі ұлғая түседі деп күтілуде. Қонақ үйлерде де бос орын табу қиындап, тарихи-мәдени нысандарда келушілер қарасы қалыңдаған.
Түркстан облысы әкімі баспасөз қызметінің ұсынған деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысымен өңірге келген туристер саны 500 мың адамды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға артқан. Оның ішінде шетелдік туристердің саны 23 мыңға жуықтаған. Өңірге саяхаттаған ТОП-5 елдің қатарына Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Германия мемлекеттері енді. Орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 8,5 млрд теңгеге жеткен. Ал, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 70 мың адамды құрап отыр. Жыл соңына дейін 550 мың туристке жеткізу жоспарлануда. Осы тұста айта кеткен жөн, Түркістан қаласында бүгінде 300-ге жуық қонақүй мен орналастыру нысаны, 300-ге тарта демалыс аймағы қызмет көрсетеді.
