Шымкент

ТҰРАНДА ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

Тұран ауданы Шымкент қаласындағы ең жас аудандардың бірі. Десе де өзіне тән қордаланған мәселесі де аз емес. Тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар мен талап-тілектер соның айғағы бола алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің бақылауындағы бұл мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Мысалы, қазіргі уақытта аудан аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл аудан тұрғындарының көптен бері айтып жүрен өтініші болатын. Сонымен бірге, 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталды, оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды. Атап айтқанда Тайманов, Байтулы баба, Дермене, Еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата, Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.

Ал Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілетін уақыт жақындап келеді.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *