Алдағы 2027 жылғы мамыр айының орта шеніне тура келетін кезекті қажылыққа Қазақстан мұсылмандары үшін 4300 квота бөлінді. Бұған байланысты келісімге Қазақстан мен Сауд Арабиясының өкілдері қол қойды.
Биылғы мамыр айында болған қажылыққа барғандар біраз уайымға салынып, әбігерге түскені белгілі. Бұған негізінен ақпан айындағы Израиль мен АҚШ-тың Иранға шабуылы және содан туындаған оқиғалар себеп болған. Ол кезде Иранның Таяу Шығыстағы АҚШ базалары тұрған аумақтарды зымыранмен атқылағаны мәлім. Сауд Арабиясының да бірқатар теңіз айлақтары мен әуежайларына соққы берілген болатын. Атқылау қаупі көпке дейін сейілмей тұрды. Йемен хуситтері де қауіп төндіріп отырды. Соның салдарынан кей күндері Сауд Арабиясының әуе кеңістігі жабылды, көптеген рейстердің уақыты шегерілді. Иранның Ормуз бұғазын жауып тастауы себепті мұнай құны да жиі құбылып, билеттердің бағасы өсуіне әсер етті. Осындай жайсыздықтарға, ауа температурасының 40 градус аптабына қарамастан қажылыққа әлем елдерінен бірнеше миллион адам барып, парыздарын өтеп қайтты. Олардың қатарында 4 мыңдай қазақстандықтар да болған еді.
Бүгінгі күндері еліміздің бірқатар туроператорлары мен арнайы ұйымдары кезекті қажылық сапарға адам жинау қамына кірісіп те кетті.
