Дүние жүзінде кең
тарағана инфекциялардың бірі вирусты гепатит «А». Бірақта тарауы да әр жерде біркелкі емес. «А» вирусты гепатит қоздырғышы-вирус, бауырды зақымдаумен жүретін жіті
жұқпалы ауру. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесе
15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру – сырқаттың
деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында көбінесе
қыркүйек – қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша – желтоқсан айларында, ал 3
жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен – саран оқиғалар түрінде
кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр
әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын
вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді, ауырғандардың ішінде
балалар 80%-ға жетеді. Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі
болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан
вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап
сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы
күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95%
жағдайда фекальді – оральді. Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5%
жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус
табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды
Клиникасы:
1. инкубациялық;
2. сарғаю алдындағы;
3. сарғаю;
4. реконволистенция (жазылу).
Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінң төмендеуі, жүрек айну, құсу,ішінің ауыруы, зәрдің қою түске айналып, нәжісі бозғылт түс болып жайсыздықты сезінеді.
Алдын-алуы шаралары:
Жеке бас гигиенасын сақтау, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында немесе дәретханаға барғаннан кейін қолды мұқият жуу; тек қайнатылған су ішу, шомылуға арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу, жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуу, тағам өнімдерін белгісіз адамдардан немесе рұқсат етілмеген жерлерден алмау, үй жағдайында тамақ дайындар алдында гигиеналық ережелді сақтау, жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Гепатит «А» ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі — вакцинация. Гепатит «А» -ға қарсы: екі жастағы балалар; АВГ ошағында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар егілуі керек.Егу курсы арасына 6 ай салып, 2 рет егіледі.
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік!
М.Сатымбекова,
Шымкент қаласы әл-Фараби ауданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.