Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Астан уланудың негізгі белгілері: адамның іші ауырып, жүрек айнуы, құсу, іш өту, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну мен әлсіздік және бас ауырады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақтан улану түрлері микробты және микробсыз тамақтан улану болып екіге бөлінеді. Микробты: Токсикоинфекция, Токсикоз, Микотоксикоз.
Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар ,улы химиялық заттар. Микробты тағамнан уланудың ерекшелігі: маусымдылығы айқын, жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен 2-ші ас байланысты жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен.
Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау.
Микробты тағамнан уланудың токсикоинфекцияларын тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер: стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар.
Микробсыз тамақтан улану тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.
Ас ішу арқылы ағзамызды керекті витаминдер мен минаралдармен толықтырамыз.
Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары. Инфекция көзін оңашалау, тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштарды табу. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру, микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын алу.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:
— жеке гигиена ережелерін сақтау керек;
— қолды жиі жуу керек, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін;
— тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдану керек;
— ас үй ыдысын, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау керек;
— тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау керек;
— жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
— қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;
— тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз;
— пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз;
— алдын ала дайындалған тамақты мұқият термиялық өңдеуден өткізу керек.
— шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
— таза суды пайдаланыңыз.
— жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз;
— қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс;
— дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус;
— суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек;
— ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек;
Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.
Супермаркетте азық-түлікті арбаға немесе себетке салған кезде, суық және ыстық тамақты, сондай-ақ шикі және дайындалған азық- түлікті бөлек ұстауға тырысыңыз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:
— өнімдердің орамасы зақымдалған жоқ па?
— жемістер мен көкөністер соғылған емес пе?
— жұмыртқалар сынған жоқ па, себебі олар тез бұзылады;
— өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тамағда болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады; Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп. Сатып алынған өнімдерді үйге тасымалдау да үлкен маңызға ие. Жазғы ыстық күндері автомобиль салонындағы температура 30°С және одан жоғары болуы мүмкін. Үйге барған кезде тамақ өнімдерінің бүлінбеу үшін желдеткішті қосыңыз немесе терезелерді ашыңыз, ал оралған өнімдерді күн сәулесінен тыс орналастырыңыз. Өнімдерді ыстық көлікте қалдырмауға тырысыңыз. Жазда өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль тоңазытқышын пайдалануға болады. Тағамдарды жылумен (термиялық) өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы.
Б.Утемисова, Шымкент қаласы
Еңбекші ауданының СЭББ бас маманы