Гепатит-бауырдың қабынуымен байланысты аурулар тобының жалпы атауы. Олар пайда болу сипатымен, ағымымен, асқынуларымен ерекшеленеді. Гепатиттер ауруды тудыратын вирусына байланысты А, В, С, Д және Е болып бөлінеді. Әртүрлі вирустық гепатиттер бір аурудың түрлері немесе кезеңдері емес, мүлдем басқа аурулар екенін түсіну маңызды. Әрбір гепатит өзінің қоздырғышынан туындайды, өзінің ағымы, әртүрлі берілу жолдары, емдеу және алдын-алу әдістері бар.
Вирустық гепатиттерде ортақ бір нәрсе — бұл барлық жағдайларда бауырдың зақымдалуы. А-гепатиті (оны Боткин ауруы деп те атайды) ластанған тамақ пен су арқылы беріледі. Балаларда бұл көбінесе жеңілірек өтсе, ересектерде әдетте ауыр түрде өтеді. А гепатиті ешқашан созылмалы түрге ауыспайды және қалпына келгеннен кейін өмір бойына иммунитет қалдырады.
В гепатиті-қан арқылы (бір шприцті бірнеше адам, стерильді емес медициналық немесе маникюр
құралдарын қолданғанда, ауру адамның
қаны немесе оның компоненттерін құю кезінде),
жыныстық қатынас арқылы, сондай-ақ анадан балаға плацента арқылы немесе босану
кезінде беріледі. В гепатиті вирусы қоршаған ортада өте төзімді, сондықтан
ұстараны, тіс щеткаларын, сүлгілерді, тарақтарды және т.б. заттарды қолданған кезде терінің және шырышты
қабаттардың микротравмалары болған жағдайда тұрмыстық
жолмен жұғуы
мүмкін. Тамақ арқылы, сүйісу арқылы, ана сүті
арқылы немесе ауа тамшылық түрде В
гепатиті берілмейді. Оның созылмалы түрге ауысу ықтималдығы жоғары, сондықтан
ауру әсіресе алты жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті.
С гепатиті-қан арқылы беріледі.
Аурудың белгілері бәсең көрінеді, көбінесе
шаршау мен әлсіздік пайда болады,
ал көптеген жағдайларда ауру мүлдем көрінбейді және адам инфекция көзі бола отырып, дертінің бар
екенін бірнеше жылдар бойы білмеуі мүмкін. 20% жағдайда дененің иммундық жүйесі
ауруды өзі жеңеді, бірақ қалған 80% — да ол созылмалы
түрге ауысады және ондаған жылдарға созылады, нәтижесінде цирроз немесе бауыр
қатерлі ісігінің дамуына әкелуі ықтимал.
D — гепатиті (дельта гепатиті) қан мен жыныстық қатынас арқылы да беріледі. Гепатит Д вирусы бауырда В гепатиті вирусының қатысуымен ғана көбейе алады. В және Д гепатиті вирустарының бірге болуы цирроз мен бауыр қатерлі ісігінің даму қаупін бірнеше есеге арттырады.
Е гепатиті-А гепатитіне өте ұқсас және таралу жолдары да (тамақ пен су арқылы да беріледі) және аурудың белгілері бойынша да ұқсас. Көп жағдайда ауру созылмалы түрге ауыспай өздігінен өтеді. Гепатит-бұл негізінен жұқпалы ауру, сондықтан инфекцияның алдын алуға болады. Ауа тамшылы жолмен берілмейді, сондықтан таралуды шектеуге болады:
— тамақтанар алдында қол жуу;
— көкөністер мен жемістерді жуып жеу;
— ет, балық, теңіз өнімдерін термиялық өңдеңіз;
— балалардың саусақтары мен лас заттарды
аузына
салуға жол бермеңіз;
—
денсаулық жағдайы белгісіз адамдармен қорғалмаған жыныстық қатынастан
аулақ болыңыз;
— тек бір рет қолданылатын шприцтерді қолдану.
— пирсинг пен татуировканы құралдардың стерильділігіне кепілдік бере
алатын сенімді салондарда ғана жасау керек. Алдын алудың ең тиімді шарасы-вакцинация! А және В вирустық гепатиттеріне қарсы екпелер
Қазақстанда Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және бұл вакциналар +балаларға және медицина қызметкерлеріне жүргізіледі.
Султанова Г.Д.
Қаратау ауданының СЭББ-ң бас маманы.