Uncategorized

Өнім таңбалауына назар аударайық   

                       

  Дұрыс тамақтану, ең алдымен, дененің барлық қажетті қоректік заттар мен микроэлементтерге күнделікті қажеттілігін қанағаттандыратын өнімдерді таңдау. Өнімдерді дұрыс және саналы таңдау өндіруші (дайындаушы) және ол сататын тауарлар туралы ақпаратты зерттеуден басталады.

 Қауіпсіз азық-түлікті қалай таңдау қажет? Азық-түлік өнімінде таңбалау болмаған жағдайда ондай өнімді сатып алудан бас тартуды ұсынады. Сатып алу алдында тауарға, оның түсіне, иісіне, консистенциясына, сондай-ақ (бар болса) орамының тұтастығына органолептикалық бағалау жүргізу қажет; Қаптамада, заттаңбада немесе қосымша парақта орналастырылған ақпаратпен (таңбамен) танысу керек. Еуразиялық экономикалық одақтын (ЕАЭО) 022/2011 «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес дайындаушы тамақ өнімінің тұтыну қаптамасында: тамақ өнімінің атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарты, дайындаушының атауы және орналасқан жері, пайдалану немесе дайындау жөніндегі ұсынымдар (шектеулер) (егер осы ұсынымдарсыз пайдалану қиын болса не тұтынушылардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін болса), тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО-ны қолдана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті. Өнімді таңдағанда, өнімді сақтаудың температуралық режиміне назар аударыңыз және оны тауардың таңбалауында көрсетілген сақтау шарттарымен салыстырыңыз. Жаппай үлестің кему тәртібімен таңбалауда көрсетілуі тиіс құрамдас бөліктер туралы білу маңызды. Тағамдық өнімде хош иістендіргіштер болған жағдайда, құрамның таңбалауында «хош иістендіргіш (тер)» деген сөз болуы тиіс. Тамақ қоспасы болған кезде өнімнің құрамында функционалдық мақсаты (қышқылдықты реттегіш, тұрақтандырғыш, эмульгатор және т.б.) және тамақ қоспасының атауы көрсетілуі тиіс. Қолданылуы аурулардың жекелеген түрлері кезінде аллергиялық реакциялар немесе қарсы көрсетілімдер тудыруы мүмкін компоненттер олардың санына қарамастан тамақ өнімдерінің құрамында көрсетіледі. Мұндай компоненттерге жержаңғақ, аспартам және аспартам-ацесульфам, тұз, қыша, күкірт диоксиді және сульфаттар, құрамында глютен, күнжіт, люпин, ұлулар, сүт және оны қайта өңдеу өнімдері, жаңғақтар, шаян тәрізділер, балық, балдыркөк, жұмыртқа кіреді. Сондай-ақ, тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнімнің сапасына немесе шығу тегіне күмән туындаған кезде тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға, тауар туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы) туралы толық, анық ақпарат алуға, сатушыдан тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы екенін білуі тиіс.   

А.Максутова,

 Қаратау аудандық СЭББ  бас  маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *