Шымкент

Оттан өрт шығады

 

Қазір айнала көгал болғанымен, табиғатта өрт қауіпі жоғары кезең. Әсіресе, көк майсаға аунап-қунап демалып қайтушылар қоршаған ортадағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай бермейді. Орылған, қураған шөптен тұтанған от дала өртіне ұласуы мүмкін. Әсіресе сөнбей қалған темекі тұқылы, тау бөкетеріндегі, дала алқабындағы достармен болған демалыста от жағып, шәй қайнату, кәуап пісірудің соңы өкінішті жағдайларға алып келетіні жасырын емес.

Демалушылар қауіпсіздік шараларын сақтамағаны аздай, өздері отырған аймақты тазалап кетуге құлықсыз. Сынған шөлмектің шиша қиындысы да күн сәулесімен шағылысып, дала өртін тудыратынын ескермейді. Кәуап пісірген оттың шоғы толық сөнбей қалатыны, ол самал желмен ұшқындап, құрғақ шөпке тиіп, алқапты отқа орайтынын біле тұра мән бермейді. Табиғатқа, үй жанындағы учаскеге немесе саяжайға шығу кезінде алдын-ала от жағу орны ғимараттардан алыс және жақын жерде өрт шығуы мүмкін ештеңе болмайтынына көз жеткізу керек. Егер сіз өртті байқасаңыз, дереу «101» немесе «112» телефоны бойынша (ұялы телефоннан) өрт сөндіру қызметін шақырыңыз. Содан кейін барынша сақтық сақтай отырып, қолда бар құралдармен отты оқшаулауға кірісіңіз.

Демалушылар ғана емес, күнделікті тұрмыста тазалықты сақтаймын деген себеппен кей тұрғындар қураған шөп пен қоқысты жағып жатады. Негізі тұрмыстық қалдықтарды өртеуге рұқсат берілмейді. Мұндай әрекеті үшін азаматтар заң алдында жауапқа тартылады. Саяжайдың аумағын және оған іргелес аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, түскен жапырақтардан, шөптерден уақтылы тазалаңыз. Есіңізде болсын, от жоқ жерде өрт болмайды. От жағуға, қалдықтарды осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда өртеуге болады, тек адамның бақылауымен. Әр ғимаратқа су ыдысын орнатыңыз. Құрылыстарда шатырға жететін, ал шатырда оның төбесіне жететін баспалдақ болуы керек. Орман және шымтезек өрттері кезінде жалынның ғимараттар мен құрылыстарға ауысуына жол бермеу үшін өртке қарсы жолақтар ұйымдастырыңыз. Жазғы кезеңде тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді от жағуды, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуді уақытша тоқтатыңыз. Көшеде бөтелкелерді, сынған әйнектерді қалдырмаңыз, олар күн сәулесін линзаға айналдырып, астындағы шөптің өздігінен жануына себеп болады.

Егер өрт еңсерілмеген жағдайда на істеу қажет? Дереу өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз. Шақыруда өрттің орны, оның себебі және адамдар үшін ықтимал қауіп туралы нақты ақпарат болуы тиіс. Әрі қарай нақтылау үшін өз атыңызды, телефон нөміріңізді атаңыз. Өртті сөндіру үшін барлық қол жетімді әдістерді – құм, су, жамылғы, киім, өрт сөндіргіштерді және т. б. пайдалана отырып, өртке тез әрекет ету қажет. Егер жалынды сөндіру мүмкін болмаса, адамдарды құтқарғаннан кейін газ баллондарын, автомобильдерді, барлық тез тұтанатын материалдарды алып тастау керек. Жанып жатқан бөлмелерді ашып, мүмкіндігінше мұқият болу керек, өйткені оттегінің жаңа түсімі жалынды күшейте алады. Егер түтін болса, бетіңізді жауып, еңкейіп жылжыңыз, қажет болса, киімді сумен сулап, басыңызды дымқыл сүлгімен жабыңыз. Егер адамның киімі жанса, оған жүгіруге жол бермеңіз. Ондай жағдайда адамды орап, су құйып тастаңыз. Егер киім күйіп кетсе, оны шешпеңіз. Дененің зардап шеккен бөліктерін таза шүберекпен жауып, жедел жәрдем шақырыңыз.

Өрттің себебі көбінесе адамның бейқамдығы, ұқыпсыздық және өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу болып табылатынын есте сақтаңыз. Оттың барлық қауіптілігін түсіндіре отырып, балаларға ерекше назар аудару қажет.

А. Бабахан,

Абай ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны,

Шымкент қаласы.                                                    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *