Оқшау ой

Мәйіттік донор…

Бүгінгі күні қоғамымызда ағза ауыстыру өзекті мәселе болып тұр. Біздің елде көптеген пациенттер трансплантацияға мұқтаж. Олардың көпшілігі ұзақ әрі қажырлы емдеуді, мысалы, гемодиализ қабылдайтын науқастар. Бұл өте қиын процедура, аптасына үш рет келіп, әр сеансы төрт сағатқа созылатын шараны қабылдауы керек. Бұл олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналады. Егер  мұндай науқас қапелімде 1 сеансты жіберіп алса оның өмірі қыл үстінде болмақ. Өліп кететіндері көп.

Олар үшін дерттен айығудың бірден бір жолы бүйрек алмастыру. Бүйрегін беретін донор табу қиын. Ал, жазатайым оқыс жағдайда қаза табатын азаматтардың сау органын осындай азаматтарға беру мәселесі қоғамда қанша көтерілсе де екіұдай пікірмен қолдау таппайтыны тағы бар.

Мәйіттік донорлық мәселесіне байыппен қарап және оған қатысты мәселені қоғамда көптің талқысына салып отыру қажет сияқты. Бұл шешім мыңдаған адамдардың өміріне елеулі әсер етуі мүмкін, өйткені олар донорлық органдарды күтуде. Олар әлі де болса өмір сүргісі келеді. Жетілмеген бала-шағасын аяқтандырып үлгерсем деп армандайды. Ал, мысалы үшін көлік апатынан қаза тапқан адамның органы бүйрек жетіспеушілігі, бауыр, жүрек алмастыруды зарыға күткен науқас адамның қыл үстіндегі өмірін ұзартуға септігі тимек.

Мәйіттік донорлықтың тиімді жүйесін енгізу трансплантацияға қолжетімді органдардың санын арттыруға көмектеседі. Біз осылайша, емделушілердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігін ұлғайтамыз. Бұл орайдағы сіздің пікіріңіз қандай?

Бақытжан Позилов,

Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері,

қалалық мәслихат депутаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *