Әлеумет

ТАЗА СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев биыл аудан көлеміндегі барлық ауылдарды толықтай таза ауызсумен қамтамасыз етуді басты назарға алған болатын. Осы бағытта «Тұраркент Су» мекемесі тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жабағылы ауылдық округінде 10 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан кәріз жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Онда 200 миллиметрлік құбыр тартылып, 12 құдық орнатылды. Жалпы ұзындығы 1300 метр болатын жаңа жүйе іске қосылды. Күмісбастау ауылдық округінде 2100 метр ауызсу желісі жүргізіліп, 200 миллиметрлік құбырлар орнатылды. Сонымен қатар, 75 миллиметрлік құбырмен 1 шақырым және қосымша 800 метр аумаққа су жүйесі тартылып, қажетті құдықтар қойылды. Қазіргі таңда Елтай ауылында бір көшеде және Майлыкент елді мекенінде ауызсу тапшылығы байқалуда. Осыған байланысты аудан басшысы бастау басына арнайы су жинақтайтын үлкен резервуар орнату және қажетті құжаттарды 1 шілдеге дейін дайындау жөнінде тапсырма берді.

Кемербастау ауылында бастау көзінен су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 160 миллиметрлік құбырлар тартылуда. Құрылыс жұмыстары ай соңына дейін толық аяқталып, ауыл тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Көктерек ауылына барған Асқар Сұлтанұлы мұндағы су жүргізу жұмыстары толық аяқталғанын көріп, елді мекенге 1 маусымға дейін суды қосуды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *