Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкент: ДИВАЕВ ПА, ДИВАЕВА МА?

Жарияланған мәліметке қарағанда, Шымкент қаласында 4 мыңға жуық көше бар екен, соның 988-іне кісі есімдері берілген. Сондай көшенің бірі – қаланың ескі орталығындағы Әбубәкір Диваев атындағы көше. Ұзындығы 05 шақырымдай болатын көшеге Диваев есімінің берілгеніне де 30 жылдан асыпты.

Біле жүрейік, Ә.Диваев – белгілі фольклоршы, лингвист, этнограф, түркітанушы ғалым. Алдағы 6-желтоқсанда туғанына 170 жыл толғалы отыр. Ол қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыс салтына қатысты көптеген құнды материалдарды, ауыз әдебиетінің ертегі-аңыздар мен шешендік сөздер сияқты үлгілерін жинаған, көптеген дүниелерді орыс тіліне аударған, Сыр бойының, Түркістан өңірінің тарихына қатысты өшпес туындылар қалдырған адам.

Өкініштісі, бүгінгі күндері кей азаматтар Диваев көшесін «Диваева көшесі» деп айтып та, жазып та жүр. Мысалы, қаладағы М.Х.Дулати және Ғ.Орманов көшелерінің қиылысында орналасқан мына сілтеме белгіде (суретте) осылай деп жазылыпты.

Бұл қате де түзетілер. Ең бастысы, жұрт Әбубәкір Диваевтың кім болғанын біле жүрсе екен дейміз.

Жалпы, қаланың әрбір тұрғынының өзі тұратын көше кімнің атында екенін біле жүргені дұрыс болмақ. Өйткені ол – тарих.

Д. НҰРПЕЙІС.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *