Шымкент

Қала күні тойланды

 Шымкентте 19 маусым күні Қала күні мерекесі тойланды.

Биыл мерекелік шара алғаш рет Шымқаланың жаңа ауданында (Шымсити шағынауданы) орналасқан «Tulip Hall» ғимаратында өтті. Ғимарат фойесінде «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрме жасақталып, келушілерге шаһардың өткені мен бүгінін, қаланың қалыптасу жолы мен келешегін көрсететін фото туындылар таныстырылды.

Концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыка қорынан ең үздік шығармалар орындалды. Сонымен қатар, Е.Хасанғалиев, Е.Шакеев, Е.Серікбаев, Қ.Сапарбаев сынды қазақ композиторларының туындылары көрермен қауымның назарына ұсынылды.

Шарада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев, қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор ұжымы, балет труппасы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен «Қаған» этно-фольклорлық, вокалды-аспапты ансамбльдері, «Қазына» және заманауи би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *