Шымкент

Қаланы көркейтуге кәсіпкерлер үлес қосуда

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтіп, игілікті істі шымкенттіертер әлі де жалғастыра түсетіні бұған дейін де газетімізде айтылған еді. Қаланы көркейту, көгалдандыру, саябақтар салу ісіне кәсіпкерлер де атсалысуда. Әрине мұның бәрі де қала әкімдігінің игі іске ұйыстыра білген бастамасының арқасында жүзеге асып отырғаны белгілі.

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясында осындай істерге негіз болған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы мәселесі қаралды. Қала мәслихатының депутаттары барлық салалар бойынша жобалардың орындалуын бақылау мақсатында әрбір нысанға барып қайтқан болатын. Мәслихат депутаты Альбина Елшиева осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Бүгінде шаһарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 39 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілген. Дене шынықтыру және спорт саласында –4, денсаулық сақтау бойынша – 3, білім беру саласында 3 жоба жұмыс істеуде. Жалпы бұл бағдарлама қаланы дамытуда өз тиімділігін көрсетуде. А.Елшиева бағдарлама әкімшілеріне сапаны көтеру мақсатында қадағалау шараларын күшейтуді ұсынды.

Айта кету керек, сессияда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, депутаттық куәлігі мен төс белгісін табыс етті. Бақытжан Жолдасбекұлы жалпы әлеуметтік бағытта, денсаулық сақтау, білім, халықтың әлеуметтік мәселелерін жүйелі түрде шешуге атсалысатынын атап өтті. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков кезекті сессияда маңызды шешімдер қабылданғанын айта келе, депутаттарға алғысын жеткізді.

– Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды шешімдер қабылданды. Басты мақсат Президентіміздің тапсырмасын жүзеге асыру – халықтың жағдайын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру. Қалада барлық сала бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Одан әрі де бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы тексеру комиссиясының қаланың 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі, цифрландыру саласында атқарылған жұмыстардың есебі қаралып, мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *