Басты жаңалықтар Құқық

Алимент төлемесең көлігіңнең айырыласың!

Шымкентте ұл-қызына алимент төлемей жүрген 3 300-ден астам ата-ана бар. Оның көбісі «қашқын» әкелер. Баласы әкесінде қалып, алимент төлеуге мәжбүр әйелдерде жоқ емес. Алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты құқыққорғаушылар жаңа тәсіл пайдалана бастады.

Бұдан былай олардың көлігі тартып алынатын болды. Ал өздерін мәжбүрлі түрде жұмысқа жегеді. Жұмыс істеу арқылы алименті өңдіріледі.

–Алимент өндірістерінің заңдылығын қадағалау барысында белгілі болғанындай Шымкент қаласы бойынша 13 800 алименттік іс бары анықталды. Қазір қарызы қордаланған 3 300-ден астам іс бойынша алимент өндіру ісін бақылауда ұстап отырмыз. Жақында ұйымдастырылған рейд барысында 7 борышкердің көлігі бары анықталып, олар айыптұраққа қойылды. Нәтижесінде 4 миллион 700 мың теңгеден астам қаржы өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр,– дейді Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Бауыржан Мырзалиев.

Ажырасқан ерлі-зайыптылар арасындағы балаға көрсетілер қамқорлықты ұмытқан «қашқын» әкелерге қатысты бұл шара осылайша өз нәтижесін бере бастаған.

Десе де бұл мәселе де сот орындаушылардың да өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарайтыны бар. Мысалы, биыл алиментті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын уақытында қолданбағаны үшін 115 сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

–Жыл басталғалы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 71 қылмыстық іс қозғалды. Оның 63-і сотқа жолданды, көпшілігі сотта қаралды. Жыл басынан бері заң бұзушылықтар бойынша прокурорлар 13 ұсыну енгізіп, нәтижесінде 115 жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 94 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 600 миллион теңгеден астам алимент өндірілді,- дейді Бауыржан Мырзалиев.

Әрине, алимент төлеуден жалтарғандардың көбі өзін табысы жоқ, кедей етіп көрсетуге тырысады. «Алимент төлеу түгілі күнделікті ішер асқа жарымай отырмын» дейтіндері аз емес. Мұндай жағдайда ондай борышкерлерді жұмысқа орналастыру қолға алынған. Қоғамдық жұмыстарға жегілген олар қарызын осылай өтейді. Жыл басынан бері дәл осылайша 200-ден астам борышкер мобильді жұмыспен қамту орталығында тіркеліп, олардың жартысынан көбі жұмысқа орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *