Uncategorized

Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану дегеніміз —  микробтармен және оның токсиндерімен яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан  жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық. Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы,  аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы.

Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді. Тамақтан улану жағдайы — тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустар мен  немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитариялық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.

Тамақтан уланудың алғашқы белгілері асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек,  бауыр және неврологиялық синдромның, тамақтан уланудың клиникалық көрінісі — уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеніне байланысты. Ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.   

Тамақтан уланудың ең алғашқы белгілері білінген  кезде балалар, қариялар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс. Егер ауру ұзақ уақыт ауыруынан арылмай, құсу, организмнің сусыздануы, нәжісінде қанның болуы және өткір ішек ауруы сияқты белгілері сақталған жағдайда міндетті түрде дәрігерлікке көмекке жүгінген дұрыс. Сәбилердің организмдері тез сусыздануға бейім болғандықтан, ешбір кедергісіз емделу қажет.

Алдын-алу жолдары:

  • Қәуіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз
  • Ас үйді таза ұстаңыз.
  • Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
  • Тамақтанар алдында қолды жуу;
  •  Термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен  жуу, қалғандарын ағында суымен жуу;
  • Тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
  • Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
  • Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
  • Кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
  • Үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
  • Егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса – бұндай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн.

      Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына,                        құрамына ,пайдалану мерзіміне мұқият қараған жөн.

  Сақ болыңыз, өз денсаулығыңыз өз қолыңызда !

Ш.Ибрагимова,

Тұран ауданы санитариялық-эпидмиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *