Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекске өзгерістер енгізіліп 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында арнаулы әлеуметтік төлемдер тағайындау енгізілген болатын.
Осы арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қойылатын негізгі талаптар:
Бірінші 55 жасқа және одан жоғары жасқа жетуі.
Екінші 7 жыл және одан жоғары жұмыс берушінің есебінен 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жағдайда.
Үшінші: зиянды еңбек жағайындағы қызметін тоқтатып, зиянды факторлары жоқ басқа жұмысқа ауысуы.
Бұл арнаулы әлеуметтік төлем, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін тағайындалып төленеді, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін, жалпы негізде жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалады. (базалық, ынтымақты, зейнетақы қорынан)
Арнаулы әлеуметтіктөлем алу үшін жұмыскер мынындай қызмет түрінің бірін таңдау тиіс:
1) Жұмыс берушімен келісу бойынша сол кәсіпорындағы еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды рәсімдеу;
2) Кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;
3) Еңбек қызметін жалғастырмау.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысқан жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау енгізіліп, жұмыс берушінің есебінен 5% жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған аударымдардың негізінде, Әлеуметтік Кодекстің 195-1 бабы 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыс істейтін адамдар елу бес жасқа толғанда және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жағдайда арнаулы әлеуметтік төлемді алуға құқықтық негіз пайда болады.
Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаржыландыру көзінен:
1- Республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;
2- Өмірді сақтандыру компанияларынан ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінде;
3- Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінде;
4-Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен зейнетақы жинақтарын ескере отырып біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жүзеге асырылатын болады.
Аталған төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда тағайындау құқығына ие болады.
Осы баптың 2 тармағына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істеп, жасы елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жұмыс істемейтін адамдарға екі көзден алу құқығы қарастырылған.
1- Республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;
2- Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын болады.
Арнаулы әлеуметтіктөлемдер еңбек жағдайларызиянды жұмыстармен айналысытын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан бұл төлемді алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды. Егер адам төлем алу құқығын іске асырып, төлем тағайындалғаннан кейін, еңбек жағдайларызиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.
Азаматтардың арнаулы әлеуметтіктөлемдерді алу құқығы туындаған жағдайда, төлемді тағайындауға өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелеріне немесе проактивті түрде жүгінуге болады.
Әнуар Ілеспаев,
Енбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаментінің зейнетақы және әлеуметтік
қамсыздандыру бөлім басшысы .