Республикалық ауа райын болжау орталығы сәуірдің соңғы күндеріндегі ауа құбылысы жөнінде болжамдарымен бөлісті. Бұл жөнінде «Zakon.kz» сайтында мынадай жайлар айтылады:
Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде жауын-шашынды болады, жылбысқы қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік, орталық облыстарда күн ашық, құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте 28-29 сәуірде, шығыста 29-30 сәуірде күн райы ашық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылдар көтерілуі мүмкін. 28-29 сәуірде еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс, орталық аумақтарында түнгі мезгілде -3 градусқа дейін суық болады деп күтілуде.
Ал күндізгі уақытта елімізде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. Батыс өңірлерде +15+20 градусқа дейін, солтүстік-батыста +17+25, солтүстікте +21+26, орталықта +21+30, шығыста +19+27, оңтүстікте +25+34, оңтүстік-шығысқа +22+27 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр.
Бұл – 28, 29 және 30 сәуірге қатысты болжам. Арғы жағы – мамыр айы, осы бетімен мамыражай күндер күш алып кететін шығар. Дегенмен ауа – шекарасыз, кейде аяқасты құбыла қалатыны да бар. Сондықтан алдағы ауа райының қандай болмағына құлақ түре жүргеннің де зияны жоқ.
