Басты жаңалықтар Құқық

Полиция дронмен жүр

Бұл тәсіл Шымкентте өз нәтижесін беруде. Әсіресе, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға тәртіпбұзушылықтың алдын алуға дронмен бақылау жасау әдісі мол мүмкіндік беруде екен. Осылайша полиция қызметкерлері қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға үлес қосуда.  

Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда. «Таза қала» акциясы аясында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізуде. Экологиялық тәртіпті сақтауға, көріктендіру мен көркейту шараларын жақсартуға бағытталған бұл іс-шаралар барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз тастаушылар анықталды.Рұқсат етілмеген орындарға жүк көліктерімен келіп қоқыс тастағандарды дрон арқылы фото-бейне жазбаға түсіріп алған. Құқық бұзушыларға  жедел қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *