Шымкент

Аудан әкімдері жауапкершілікті арттыруы керек

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аппараттық мәжілісте осылай деді. Қаладағы әр ауданның әкімі өз ауданының аумағында не болып, не қойып жатқанынан хабардар болғаны жөн. Әсіресе, коммуналдық қызметтерге қатысты тұрғындардың арыз-шағымына дер кезінде құлақ асып, оны тиісті сала мамандарына жеткізіп отыру аудан әкімдерінің тікелей міндеті.

Қала басшысы шетелдік компаниялардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керектігін тапсырды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғардың айтуынша коммуналдық қалдықтарды басқаруда өзекті мәселелер аз емес.

Қала басшысының бақылауындағы тағы бір мәселе жұмыссыздықты азайту. Бұл орайда Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуын баяндады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл    56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, осыған дейін 32 300 адам қатысып, жоспар 57 пайызға орындалғанын айтқан ол «Іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жаңа жұмыс орындарына 26 482 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда» дейді. Қала әкімі сала басшысына жұмыспен қамту шараларын тиісті басқармамен бірлесе атқарып, инвестициялық жобаларда құрылатын жаңа жұмыс орындарына жергілікті азаматтарды тартуды ұйымдастыруды тапсырды.

Алқалы жиында жылу маусымына дайындық шаралары пысықталып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Аудан әкімдеріне халыққа қолайсыздық туғызатын жағдайларды алдын алу бойынша тапсырма берілді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *