Біле жүріңіз

Ана сүтінің маңызы

апталығы – сәби денсаулығын қорғауға, ана сүтінің пайдасын түсіндіруге және қоғамның қолдауын күшейтуге арналған маңызды кезең. Бұл апталық нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап дұрыс тамақтанудың негізін қалайды.

Ана сүтінің маңызына тоқталар болсақ, ол иммунитет көзі, сәбиді түрлі жұқпалы аурулар мен инфекциялардан қорғайтын ерекше антиденелерге бай. Толыққанды даму: бала миының жұмысы, ас қорыту жүйесі және физикалық өсуі қажетті витаминдер мен қоректік заттар арқылы дұрыс қалыптасады. Психологиялық байланыс: емізу кезінде ана мен бала арасында ерекше эмоционалдық жылулық пен жақындық орнайды. Қалпына келу: емшекпен емізу ана ағзасының босанғаннан кейін тез сауығуына жақсы әсер етеді. Қауіпті азайту: болашақта ананың денсаулығындағы кейбір қатерлі ісік түрлері мен жүрек ауруларының пайда болу ықтималдығын төмендетеді. Ана сүті – жай ғана тағам емес, ол баланың дұрыс өсуіне, иммунитетінің қалыптасуына, ағзасының дамуына қажет барлық нәрсені қамтиды.

Зерттеулерге сенсек, емшекпен ұзақ емізу баланың семіздік пен қант диабетіне шалдығу қаупін азайтады. Әлемде жыл сайын 820 000 баланың өмірін аман алып қалуға көмектеседі. Нәрестені туған соң бір сағат ішінде кеудеге жатқызу, 6 ай бойы тек емшек сүтімен қоректендіру, 2 жасқа дейін және одан да ұзақ емізуді жалғастыру өте пайдалы.

Емізу – тек тамақтандыру емес, бұл – денсаулыққа салынған үлкен инвестиция. Ана сүтімен қоректенген бала – сау болашақтың кепілі!

Гауһар СМАНОВА,

Жетісай көпбейінді аудандық
орталық ауруханасының даму және ерте араласу орталығының меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *