Білім, ғылым

Шымкентте 10 зейнеткер оқу бітірді

Білім алу қай кезде де кеш емес. Көкжиегін кеңейтіп, жаңа ілім алуға ниетті жандар үшін елімізде барлық мүмкіндік жасалған. Сондай жандардың бірқатары жақында Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін бітіріп шықты.

Бұл әсіресе, зейнеткерлік жастағы азаматтардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуі үшін, өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру үшін жасалған өте құптарлық іс. «Күміс университеті» деп аталатын үздіксіз білім беру бөлімі ОҚПУ-дағы бұл жоба жайлы газетімізде бұған дейін де жазған болатынбыз.

Қариялардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, зейнеткерліқ демалысқа шыққан соң өзімен өзі тұйықталып қалмасы үшін, бір-бірімен қарым-қатынас ортасын қалыптастыру және дамыту мақсатындағы бұл жоба көпшіліктің ризашылығын алып отыр.

Осы орталықтан білім алып шыққан 10 зейнеткерге жаңа жыл қарсаңында университет басшысы арнайы сертификат табыстады.

–50 жастан асқан азаматтарды белсенді етіп, өзін-өзі дамытуды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтитын бұл модель Франция, Англия, Қытай және Жапония сияқты елдерде 60 жылдан астам уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді. Біздің орталыққа да келуші қарияларымыз аз емес. Оларға құқықтық және қаржылық сауаттылық тұрғысынан да дәрістер өтеміз.  Жалпы «Күміс университет» жобасы бойыншы біз 13 бағыт бойынша жұмыс жүргізудеміз. Атап айтар болсақ, «Шешендік өнер және харизма», «Основы красноречия», «Result and success», «Speaking English», «Адам денсаулығының физикасы», «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық», «Психология», «Балаларды ерте жастан дамыту», «Ата-әжелер мектебі», «Өлке тарихының экскурсоводы», «Музыкалық аспап», «Креативті өнер», «Омыртқа жотасының иілгіштігін қалпына келтіруге арналған емдік дене шынықтыру». Курс тыңдаушысы зейнеткерлік жастағы кез келген азамат бола алады. Оқуға қабылдану үшін университет басшысының атына жазбаша өтініш жазады. «Күміс университетіндегі» оқу жылы 1 қыркүйектен 1 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды. Сабақтар аптасына 2 рет, кестеге сәйкес жүргізіледі. Бір сабақтың ұзақтығы 1-2 академиялық сағатты құрайды. Оқу курсының ұзақтығы бағдарламаға сәйкес анықталады, — дейді орталықтың жетекшісі Рауан Бегалиева.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ОҚПУ-да «Балаларды ерте жастан дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша да дәріс жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *